1 view

Павлодарлық музыкант –музыкалық жүлдені иеленген тұңғыш қазақ

DJ Imanbek «Grammy» жүлдесін иеленді

Фото; интернеттен алынды

Өткен жылдың соңында қазақстандық музыкант DJ Imanbek (Иманбек Зейкенов) «Roses» әнін өңдегені үшін «Үздік ремикс» (Best Remixed Recording) номинациясы бойынша «Grаmmy» сыйлығынан үміткерлер сапына іліккен еді. Жеңімпаздар қаңтар айында анықталуы тиіс болатын. Алайда пандемияға байланысты салтанатты рәсімді наурызға қалдырды.

Ал жексенбі күні түнде 63-Грэмми байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі Лос-Анджелес қаласынан онлайн режимде ұйымдастырылды.Сол сәтті «Үздік ремикс» номинациясы бойынша Ақсу қаласының 20 жасар тұрғыны жеңіске жеткені хабарланды. Осылайша, Иманбек Зейкенов музыка әлеміндегі басты жүлдені иеленген алғашқы қазақ атанды.

«Музыканттың мансабындағы ең керемет сәт - «Grammy» жүлдесін иелену. Біз оған жеттік!», - деп әлеуметтік желіде қуанышымен бөлісті DJ Imanbek.

Айта кетейік, 2016 жылы америкалық рэпер Saint Jhn орындауында «Roses» әні жарыққа шықты. Бірақ бұл шығарма аса танымал бола қойған жоқ. Тек осыдан екі жыл бұрын қазақстандық музыкант бұл әнге ремикс жасаған соң әлемдік чаттардың үздіктері сапынан көрінді. Иманбек Зейкеновтің өңдеуі YouTube-та, Shazam қосымшасында, Billboard америкалық чартында топ жарып, миллиондаған қаралым жинады. Содан соң павлодарлық ди-джей ресейлік «Еffective Records» дыбыс жазу компаниясымен келісімгшарт жасап, теміржолдағы жұмысын біржола тастады.

Осылайша, жас қазақстандың 2 сағат 20 минутта жазған ремиксі әннің түпнұсқасынан да басып озып, әлемдік деңгейдегі музыкалық жүлдеге ие болды.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер