Өскеменде 60 жастағы қалта ұрысы ұсталды

Жарияланды
Жәбірленушіге 200 000 теңге материалдық залал келтірілген

Өскеменде  аялдамада тұрған азаматшаның қалтасынан екі ұялы телефонын ұрлап алған азамат полицияға жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Өскемен қаласының ПБ Үлбі полиция бөліміне «Спорт сарайы» автобус аялдамасында тұрғанда оның күртешесінің қалтасынан екі дана «SAMSUNG» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреудің ұрлап кеткенін айтып, 36 жастағы әйел жүгінген. Жәбірленушіге 200 000 теңге материалдық залал келтірілген.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері жасаған қылмысын мойындап,  ұрланған мүлікті қайтарып берген 60 жастағы ер адамды полицияға жеткізді», – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 1- бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

Сондай-ақ оқыңыз