Нұр-Сұлтанда шектеу шаралары күшейтілді

Жарияланды
СОО, СО және т.б. жұмыс күндері сағат 17.00-ге дейін қысқартылады

Нұр-Сұлтан қаласында шектеу шаралары күшейтілді. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады. 

СОО, СО және т.б. жұмыс күндері сағат 17.00-ге дейін қысқартылады. Сонымен қатар бұл нысандардың демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Қашықтан оқытуға 9, 11 (12) сынып оқушыларын қоспағанда барлық студент, сондай-ақ қала оқушысы көшеді.

Қоғамдық тамақтану объектілеріне демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.
 

Сондай-ақ оқыңыз