Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қаржылық қызмет көрсету әдістемесі әзірленді

Жарияланды (жаңартылды )
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қаржылық қолжетімділікті және қаржылық көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру жөніндегі жұмыс тобы қызметінің шеңберінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қаржылық қызметтер көрсету және оларға қызмет көрсету жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірледі. Бұл туралы fingramota.kz сайты хабарлады.

Әдістемелік ұсынымдар «Қаржылық инклюзия» жобасымен және Қ.Иманәлиев атындағы мүмкіндігі шектеулі адамдар істері жөніндегі комиссиямен бірлесіп қаржылық қолжетімділікті арттырудың халықаралық тәжірибесі негізінде қалыптастырылған және мүмкіндігі шектеулі адамдарға қаржылық қызметтер көрсетуді және қаржы ұйымдарының бөлімшелерінде, сондай-ақ қашықтан қызмет көрсету тәсілімен сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Әдістемелік ұсынымдарда көру, есту немесе сөйлеу, тірек-қозғалыс аппаратының ауытқуы, ментальды ауытқу сияқты түрлі ауытқулары бар клиенттер үшін қаржылық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру бағыттары мен оларға қызмет көрсету ерекшеліктері көрсетілген.

Сондай-ақ оқыңыз