Қазақстанда бес ірі кәсіпорын жұмыс істей бастайды

Жарияланды
2021 жылы

Елімізде биыл бес ірі кәсіпорын жұмыс істей бастайды. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің  баспасөз қызметі хабарлады.

1) «KPI» газ-химия кешені ЖШС (полипропилен өндірісінің 1-сатысы) Атырау облысы, (814,3 млрд. теңге, 550 жұмыс орны);

2) «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС қазір жұмыс істеп тұрған сульфидті фабрика есебінен Ақтоғай тау-кен байыту кешенінің қайта өңдейтін қуаттылығын кеңейту, Шығыс Қазақстан облысы (396 млрд. теңге, 700 жұмыс орны);

3) «Жәйрем КБК» АҚ қолданыстағы өндірісті жаңғырту. Қарағанды облысында байыту фабрикасын салу (145 млрд. теңге, 381 жұмыс орны);

4) «Казцинк» ЖШС Rail-Veyor көлік жүйесін іске қосу арқылы Долинный-Обручев кенішінің өнімділігін арттыру (1-кезек), Шығыс Қазақстан облысы (37 млрд. теңге, 320 жұмыс орны);

5) «Qaz Carbon» ЖШС (Қаз Карбон)» Қарағанды облысында агломерациялық фабрикасы бар Сарыарқа ферроқорытпа зауытын салу (35 млрд. теңге, 400 жұмыс орны).

 

Сондай-ақ оқыңыз