Электр энергетикасын дамыту институты Дүниежүзілік банктен 100 миллион доллар тартпақ

Жарияланды
4,5 миллиард теңге көлемінде бюджетке салық түсімін алу көзделуде

​«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ Дүниежүзілік банктен 100 миллион АҚШ доллары көлемінде қаражат тартуға ниетті. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ 500-ге жуық әлеуметтік маңызы бар нысанды жаңғыртуға Дүниежүзілік банктен 100 млн. АҚШ доллары көлемінде қарыз қаражатын тартуға ниетті. 
 
Бұл бастаманы іске асыру құрылыс кезеңінде 13 000 адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, 24 млрд.теңге сомасына жергілікті қамту тауарларын сатып алуға мүмкіндік береді, тиісінше бұл отандық өндірісті дамытуды қамтамасыз етеді.
 
Бұдан бөлек, 3 млрд.теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жылдық үнемдеуді және 4,5 млрд. теңге көлемінде бюджетке салық түсімін алу көзделуде.

Сондай-ақ оқыңыз