Бекшин Алматыдағы шектеу шараларын өзгертті

Жарияланды (жаңартылды )
Алматы кафелеріне жазғы алаңдарды ашуға рұқсат берілді

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бірқатар кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты шектеу шараларын өзгертті.

Қол қойған жарлыққа сәйкес, «ASHYQ» пилоттық жобасында жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне Алматы қаласы әкімдігінің сайтында жарияланған тізім бойынша рұқсат етіледі.

Бұдан басқа, тұтынушыларға қызмет көрсететін қоғамдық тамақтандыру объектілерін тек жазғы алаңдарда 50% адам толу коэффициентімен, бірақ 50 орыннан аспайтын және екі метрлік үстелдер арасындағы қашықтықты қатаң сақтай отырып пайдалануға рұқсат етіледі.

«Қазпочта» АҚ халыққа қызмет көрсету орталықтары мен бөлімдерінің жұмысына, сондай-ақ, уақытын шектеусіз, алдын ала жазылу арқылы жол беріледі.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Карантин Алматыда 12 сәуірге дейін ұзартылды.

Сондай-ақ оқыңыз