Алматыда Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастады

Жарияланды
Қабылдау тек алдын ала жазылу бойынша

Өңірдің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысына сәйкес, Алматы қаласының ХҚО-лары 25 наурыздан бастап клиенттерді тек алдын ала жазылу бойынша сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін қабылдайтын болады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы хабарлады.

Кезекке egov.kz порталы, egov mobile, телеграм-бот egovkzbot2.0 (@kenes1414bot) қосымшалары арқылы онлайн, сондай-ақ 1414 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы тапсырыс беруге болады.

Қызмет алушы броньдау кезінде өзінің жеке деректерін көрсетіп, өңірді, ХҚО бөлімін, келу уақыты мен күнін таңдау қажет.

Алматылықтар броньдау кезінде, егер көп балалы отбасылар, зейнеткерлер немесе мүгедектігі бар адамдар санатына жататын болса, жеңілдік терезесін көрсете алады. Сондай-ақ, егер ХҚО-да бір уақытта бірнеше мемлекеттік қызмет түрін рәсімдеу қажет болса, көтерме терезені таңдауға болады.

Азаматтарға арналған үкіметтің филиалы ХҚО-ға брондалған уақыттан 10-15 минут бұрын келуді және барлық санитарлық талаптарды сақтауды ұсынады. Санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша сенбі күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді.

Қала тұрғындары бөлімдерге келесі мекенжайлар бойынша жүгіне алады:

Алмалы аудандық ХҚО, Байзақов к-сі, 174
Бостандық аудандық ХҚО, Алмагүл шағынауданы, 9А
Әуезов аудандық ХҚО, Жандосов көшесі, 51
Медеу аудандық ХҚО, Марков к-сі, 44
Алатау аудандық ХҚО, Нұркент шағынауданы, 5 к16-19
Алатау аудандық ХҚО,  №2 бөлім, Бенберин к-сі, 89
Түрксіб аудандық ХҚО, Рихард Зорге к-сі, 9
Көші-қон ХҚО, Наурызбай ауданы, Шұғыла шағынауданы, 347/1
Автокөлік  жүргізушілеріне арналған №1 Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы, Ақ-Қайнар к-сі, 1
Автокөлік  жүргізушілеріне арналған №2 Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы, Майлин к-сі, 85
Автокөлік  жүргізушілеріне арналған №3 Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы, Серіков к-сі, 6а
Автокөлік  жүргізушілеріне арналған №5 Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы,  Қайрат шағынауданы, 181-182 к2
Автокөлік  жүргізушілеріне арналған №6 Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы, Ақсуат к-сі, 118
Автокөлік  жүргізушілеріне арналған Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы, AVTODOM СО, Сәтпаев к-сі, 90/21
 

Сондай-ақ оқыңыз