Өскемендік кәсіпкер фискалды чектің орнына мөр басылған қағаз беріп келген

Жарияланды
Айыппұл төледі

Фискалды чектің орнына мөр басылған қағазды өскемендік кәсіпкер берген. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Telegram каналы хабарлады. 

Жуырда ШҚО бойынша МКД байланыс орталығына Өскемен қаласының тұрғынынан оған фискалды чек беруден бас тартқаны туралы өтініш келіп түсті.

Оның орнына азық-түлік дүкенінде олар сауда тізімін жазып, ЖК мөрін қойды. Осы кәсіпкерге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.

«Бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін бұзу туралы» ҚР ӘҚБтК-нің 284 – бабымен ескерту түріндегі алғашқы бұзушылық кезінде жауапкершілік, қайта бұзушылық кезінде-кәсіпкерлік субъектісіне байланысты ең төменгі есептік көрсеткіштің 20-дан 40-қа дейін айыппұл көзделгендігін естеріңізге саламыз. 

Айта кетейік, «Азаматтық бақылау – Чекті талап ет» жобасы жұмысын жалғастыруда, ол азаматтық қоғамды кірістерді жасыратын азаматтарға қатысты нөлдік төзімділік танытуды тартуға бағытталған. Өткен жылдың өзінде ғана Wipon мобильді қосымшасы арқылы чектердің берілмегені туралы 16,5 мың хабарлама келіп түсті, оның 5,5 мыңы расталды, олар бойынша 4,5 млн.теңге төленді.
 

Сондай-ақ оқыңыз