Қос азаматтық алғандарға жазаны қатаңдату керек – Тоқаев

Жарияланды (жаңартылды )
Екі елдің паспортымен жүргісі келетіндер көбейіп барады

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлер арасында қос азаматтық алу факті жиілеп кеткенін айтып өтті. 

 Қазақстан  – қос азаматтық тиым салынған елдердің бірі. Соған қарамастан елде екі паспортпен жүргісі келетіндердің қатары көбейіп келеді. Айталық, 2019 жылы ел бойынша қос азаматтығы бар 500 адам анықталған. Осы орайда  мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қос азаматтық үшін жазаны қатаңдатуды ұсынды. 

 «Бұндай  норма Конституциямызда бар.  Дегенмен соңғы кездері мемлекеттік қызметкерлер арасында қос азаматтық алу фактілері жиі анықталатын болды», – деді Президент. 

Ұлттық қауіпсіздікке қатысты болғандықтан, ел тұрғындарының қос азаматтық алуына жол беруге болмайды. 

 Қасым-Жомарт Тоқаев  былтырғы  Жолдауында мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік сектор басшылары қос елдің азаматы болса, оларды бірден қызметінен  босату жөнінде  тапсырма бергенін еске салып өтті. 

«Үкімет пен мемлекеттік қызмет істері агенттігінен атқарылған жұмыс нәтижесі жайлы баяндауды сұраймын. Мұндай  құқық бұзу үшін жауапкершілікті одан әрі қатаңдату керек», – деп  тұжырымдайды Мемлекет басшысы.
 

Сондай-ақ оқыңыз