Ауа-райының қолайсыздығынан бірқатар жолдар жабылды

Жарияланды
Боран, қар аралас жаңбыр, көктайғақ

Ауа-райының қолайсыздығынан бірқатар жолдар жабылды. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Қарағанды облысында ауа-райының бұзылуына байланысты (боран, қар аралас жаңбыр, көктайғақ) «Қызылорда-Павлодар» автомобиль жолының 216-424 шақырымында, атап айтқанда, Қызылорда облысының шекарасы мен Жезқазған қаласының аралығындағы учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
 

Қызылорда облысында Қарағанды облысындағы ауа-райының бұзылуына байланысты «Қызылорда-Павлодар» автомобиль жолының 12-216 шақырымында, атап айтқанда, Қызылорда қаласы мен Қарағанды облысының шекарасы аралығындағы учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Қостанай облысында Қарағанды облысындағы ауа-райының бұзылуына байланысты «Жезқазған-Петропавл» автомобиль жолының 252-377 шақырымында, атап айтқанда, Қарағанды мен Ақмола облыстарының шекаралары аралығындағы учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Сондай-ақ оқыңыз