Алматыда вакцинациядан кейін өзіңізді қалай күтіп ұстау керектігі айтылды

Жарияланды
Инъекция орнына су тигізбеу, саунаға бармау, алкоголь тұтынбау, физикалық күш түсіруден аулақ болу қажет

Вакцинацияланғандар қандай шараларды сақтау керек, вакцинаны алу кезінде нені ескеру керек, иммунитет қалай қалыптасады — осы және COVID-19-ға қарсы вакцинацияға қатысты басқа да сұрақтарға Алматы қаласы №20 қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Маржан Әлиева Алматы ӨКК онлайн-сұхбаты барысында жауап берді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың ақпан айынан бастап Алматыда COVID-19 вакцинациясы басталды. Бірінші компонентті вакцинациялаумен медицина қызметкерлері қамтылды.

Вакцинация тек бізде ғана емес, бүкіл әлемде жүргізіліп жатыр. АҚШ-та вакцинация қарқынын ұлғайтып, халықтың көп бөлігін қамтымақшы. Израильде қала билігі мұғалімдерге міндетті вакцинация және мектеп сыныптарына тек COVID-19 екпесін алғаннан кейін ғана келу шартын қойды.

Дәрігердің айтуынша, әлемдік тәжірибе эпидемияға қарсы вакцина пандемиядан арылудың жалғыз сенімді құралы екенін дәлелдейді. Халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Вакцинаның тиімділігі қандай? Вакцинацияланғаннан кейін коронавирус ауруының қаупі бар ма?

 — Зерттеулерге сәйкес, Спутник V вакцинасының COVID-19-ға қарсы тиімділігі 91,6% құрайды. Бұл көрсеткішті есептеу «Спутник V» вакцинасының бірінші және екінші инъекциясын немесе плацебо алған 19 866 ерікті бойынша деректер негізінде жүргізілді – қорытынды бақылау кезеңінде COVID-19 расталған 78 жағдай тіркелді. «Спутник V» вакцинасының тиімділігін зерттеу нәтижелері салыстырмалы халықаралық бағалаудан өтті, алынған мәліметтер The Lancet журналында жарияланды. Сондай-ақ, вакцинация бізді короновирустық инфекцияның ауыр түрін жұқтырудан қорғайды. Қазір коронавирустан вакцина қауіпті болуы мүмкін деп санайтындай ешқандай негіз жоқ.

Ресей ғалымдары «Спутник V» 1 және 2 типті қант диабеті бар адамдар үшін қауіпсіз деп хабарлады. Алматыда диабетпен ауыратын адамдарды вакцинациялауға тырысады ма, әлде ауру әлі де вакцинациялауға қарсы көрсетілімдер тізімінде ме?

— ҚР ДСМ 21.10.2020 «Профилактикалық егулер жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы» бұйрығында қант диабеті вакцинациялау үшін қарсы көрсетілім болып табылмайды.

Бұған дейін гормондарды қолдану қарсы көрсетілімдердің бірі деп айтылған. Гормоналды контрацептивтерді ішетін әйелдер қалай вакцинацияланады?

— Әртүрлі патологияларда стероидтерді, сондай-ақ иммуносупрессивті қасиеттері бар басқа препараттарды қолдану, сала мамандарының қорытындысынан кейін көрсетілген.

— Вакцинациядан кейін адамдарға қандай ұсыныс берер едіңіз?

— Бұл жағдайда барлық процедуралар мен дәрі-дәрмектерге рұқсат етілмейді. Вакцинациядан кейін дәрігермен байланыста болу ұсынылады. Вакцинация орнының қызаруы, ісінуі, ауыруы кезінде антигистаминді препараттарды қабылдаңыз. Вакцинациядан кейін дене қызуы көтерілгенде – дәрігердің тағайындауы бойынша стероидсыз қабынуға қарсы дәрілерді қабылдау қажет. Вакцинациядан кейін үш күн ішінде инъекция орнын суламау, саунаға, моншаға бармау, алкогольді ішпеу, шамадан тыс дене жүктемелерінен аулақ болу ұсынылады.

— Екпе қабылдаған адам басқа адамнан ауру жұқтыруы мүмкін бе? Егер вакцина салдырған адам сақтану шараларын дұрыс ұстанбаса не болады?

— Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары бірінші екпе жасалғаннан вакцинацияның екінші кезеңіне дейін басқа адамдармен байланысты мейлінше азайтып, барлық санитария ережелерін сақтауы қажет екендігін де атап өтуде. Иммунитет біртіндеп қалыптасады, сондықтан осы екі кезең аралығында адам әлсіз, қорғалмаған болып табылады. Ол коронавируспен ауыруы әбден мүмкін.

— Вакцинация жасалғаннан кейін адам профилактикалық шараларды ұстанбаса да болады деген ой айтылып жүр. Осы көзқарас қаншалықты дұрыс? Вакцина алған адамдардың нелерді істемегені дұрыс?

— COVID-19-ға қарсы вакцина, екпе қабылдаған адамның бетперде тағуға, қолғап киюге, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға деген қажеттіліктердің күшін жоя алмайды.
 

Сондай-ақ оқыңыз