Ақылы жол учаскелері бюджетке 5,7 миллиард теңге пайда әкеледі

Жарияланды
Жобаны сәтті іске асыру арқылы ақылы жолдар өз шығынын өзі өтейтін болады

Ақылы автомобиль жолдарының қолданыстағы 4 учаскесінен бюджетке болатын түсім 5,7 млрд теңгені құрамақ. Бұл туралы  ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Дәл осындай қаржы биыл қолданыстағы ақылы учаскелерден жиналады деп болжануда.  
Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша еліміздің келесідей ақылы күре жолдары жұмыс істей бастады:

«Нұр-Сұлтан-Щучинск» (211 км) – 1,67 млрд теңге;
«Нұр-Сұлтан-Теміртау» (134 км) – 1,91 млрд теңге;
«Алматы-Қорғас» (295 км) – 1,03 млрд теңге;
«Алматы-Қапшағай» (42 км) – 1,12 млрд теңге.

Бұдан бөлек, биыл бірінші тоқсанның соңына дейін төлем өндіру жүйесі республикалық маңызы бар жолдардың 5,8 мың шақырымына енгізілмек. 2025 жылға қарай ақылы жолдардың қатарына тағы 5,2 мың шақырым жол қосылмақ. Осылайша Қазақстандағы ақылы жолдардың ұзындығы 11,7 мың шақырымды құрайтын болады.

 «Жобаны сәтті іске асыру арқылы ақылы жолдар өз шығынын өзі өтейтін болады. Демек бұл автомобиль жолдарын күтіп-ұстау үшін мемлекет бюджетінен қаржыландыруға қажеттілік болмайды. Бұдан бөлек, жобаны жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарын ашуға да сеп болғанын айтып өту керек. Мәселен, қазірге дейін 1200 қазақстандық екі қолға бір күрек тауып отыр», – деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз-қызметінде.

Сондай-ақ оқыңыз