1 view

ВВС «Ninety One» тобының шығармашылық жолын саралады

Қазақстандық топтың өнеріне шетелдік сарапшылар баға берді

Фото: juzent.com

Әйгілі ВВС арнасы «Ninety One» тобының құрылу тарихын, алғашқы сәттегі қиындықтары мен қазақстандық топтың мәдениетке әсері туралы мол мағлұмат беріп, сарапшылар мен тыңдармандардың пікірін келтірді.

Мәселен, америкалық Боулинг-Грин университетінің музыкалық этнография оқытушысы Меган Рансьер Q-pop бағытына консервативтік ойы қалыптасқан, көп жағдайда ауылда тұратын адамдар қарсылық білдіреді деп пайымдайды. 

«Адамдар гендерлік нормалардың сақталуын қадағалауда ұлттық сана-сезім жатыр. Себебі ол «дұрыс» қазақтардың өз-өзін ұстауына тікелей байланысты. Одан ауытқу дәстүрден, ұлттық мәдениеттен теріс айналу деп есептеледі. «Ninety One» тобының бастапқыда провакациялық бейнелермен сахнаға шығуының қоғам тарапынан, әсіресе ауылда тұратын адамдардың тарапынан наразылық тудыруының себебі осында жатыр», - деген ойын білдірді америкалық оқытушы. 

Индияның тумасы, қазір Кувейтте тұратын Калина Д’Соуза ВВС-ге берген сұхбатында Q-pop жайлы әлеуметтік желідегі видеолардан білгенін айтыпты. Содан бері қазақстандық музыканы сүйіп тыңдайтын көрінеді. 

«Q-pop К-рор-қа ұқсайды, бірақ олар жеке тұжырымдамасын қалыптастырып үлгерді. Қазақстандық музыканы жасауда көп еңбек атқарылғаны көрініп тұр», – дейді тыңдарман. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер