Садыр Жапаровтың ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді

Жарияланды
Салтанатты іс-шараны ұйымдастыру үшін комитет құрылды

Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы, Жогорку Кенеш төрағасы Талант Мамытов «Қырғыз Республикасының жаңадан сайланған президентін ұлықтау рәсімін дайындау және өткізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы kabar.kg ақпараттық агенттігі хабарлады.

Жарлыққа сәйкес, жаңадан сайланған президенттің қызметке кірісуіне байланысты 2021 жылдың 28 қаңтарында өтетін салтанатты рәсімге даярлық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрылды.

 

Сондай-ақ оқыңыз