Нұрлан Нығматулин Мәжіліс спикері болып қайта сайланды

Жарияланды
Мәжіліс депутаттары оған бір ауыздан дауыс берді

ҚР Парламент мәжілісін жетінші шақырылымының  депутаттары  палата спикерін тағайындады. Отырысқа қатысқан депутаттар бір ауыздан мәжілістің бұған дейінгі спикері Нұрлан Нығматулинге дауыс берді.

Жасырын дауыс беру нәтижесінде депутаттар 100 бюллетеньге Н.Нығматулиннің кандитатурасын қолдап дауыс берген.

Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын Nur Otan фракциясының депутаты Дархан Мыңбай ұсынды. ҚХА Мәжілістегі фракциясынан  депутат Сауытбек Әбдірахманов та әріптесінің ұсынысын қолдады. Одан кейін сөз алған депуттар: «Ақ жол» партиясынан – Азат Перуашев, ҚХП-дан  –Айқын Қоңыров, Nur Otan партиясының Мәжіліс фракциясынан Бақытбек Смағұл  та Мәжіліс төрағасына  Нүрлан Нығматулиннің кандидатурасын қолдауға шақырды.

НЫҒМАТУЛИН Нұрлан Зайроллаұлы 1962 жылы Қарағандыда дүниеге келген.

 2016 жылдың 22 маусымынан бастап (VI сайланған) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы қызмет атқарып келеді. 

 Қарағанды политехникалық институтын бітірген. Саяси ғылымдарының докторы.
Институтты бітіргеннен кейін «Қарағандыоблгаз» өндірістік бірлестігі автоколоннасының инженері, бастығы болып жұмыс істеген.

1985-1990 жылдары – Қазақстан ЛКЖО Ленин аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО ОК комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы.
1990-1993 жылдары – Қазақстан жастар ұйымдары комитетінің төрағасы.
1993-1995 жылдары – «Тенгри» қазақ-американ бірлескен кәсіпорынның президенті.
1995-1999 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары.
1999-2002 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.
2002-2004 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі.
2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
2006-2009 жылдар аралығында – Қарағанды облысының әкімі.
2009-2012 жылдар аралығында – «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.

2012 жылғы 20 қаңтар – 2014 жылғы 3 сәуір аралығында бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының жетекшісі.

2014 жылғы 3 сәуір – 2016 жылғы 21 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметін атқарды.

2016 жылғы 22 маусымнан бастап алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып бірауыздан сайланды, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

2019 жылғы 22 тамызнан – «Nur Otan» Партиясының Мәжілістегі Фракциясының жетекшісі.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев», «Құрмет», II дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған.
 

Сондай-ақ оқыңыз