Алексей Цой: Ковидті емдейтін дәрі-дәрмектің бағасы 27 пайызға төмендеді

Жарияланды
Дәрі-дәрмектердің екі айлық жаңартылатын қоры бар

Ковидті емдейтін дәрі-дәрмектердің бағасы 27%-ға төмендеді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

COVID-19 вирусын жұқтыру бойынша жалпы әлемдік рейтингте Қазақстан 1 млн адамға шаққанда 221 мемлекеттің ішінде 109-орында тұр. Өлім-жітім бойынша Қазақстан рейтингте 97-орында, COVID-19 тестіленушілер саны бойынша — 69-орында, сауыққандар саны бойынша — 87-орында, ауыр жағдайлар саны бойынша —  50-орында.

«Пандемия басталғаннан бері Қазақстанда  COVID-19 оң нәтижесімен 179 720 науқас және КВИ- нәтижесімен 47 445 жағдай тіркелді. Науқастардың 87%-ы сауығып кетті. Бүгінгі таңда инфекциялық стационарлардың жүктемесі — 31%, реанимациялық төсек-орындардың жүктемесі 19% құрайды», — деді ведомство басшысы.

   «Бірыңғай дистрибьютордың 4 хабында COVID-19 бойынша дәрі-дәрмектердің екі айлық жаңартылатын қоры, 10 млн маска және 400 мың жеке қорғаныс құралдары қалыптастырылды. Тестілеу қуаты тәулігіне 40 мыңнан 100 мыңға дейін артты. Осылайша, қабылданған шаралар COVID-19 ауруының ағымдағы өсуін ескере отырып, халықтың медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді денсаулық сақтау министрі.

 

Сондай-ақ оқыңыз