Смартфондар қолма-қол ақшаны да, карталарды да ығыстыруда

Жарияланды
Мобильдік қондырғымен ақы төлеудің ең кең тараған тәсілдері NFC-төлемдер және QR-төлемдері

Мобильдік төлемдер – төлем нарығының ең жылдам дамитын сегменттерінің бірі. Мобильдік қондырғылардың көмегімен ақы төлеудің ең кең тараған тәсілдері NFC-төлемдер және QR-төлемдер болып табылады. Бұл туралы fingramota.kz хабарлады.

NFC (Near Field Communication) – қондырғылар арасында жанасусыз ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін, әсер ету радиусы қысқа радио байланыс технологиясы.

Мобильдік төлемдердің тағы бір жаңа технологиясы – Quick response code (QR-кодтар) арқылы жүргізілетін төлемдер болып табылады. QR-кодты бейнелерді өңдеу қондырғыларының, мысалы, камераның көмегімен анықтауға болады.

NFC және QR-төлемдер пайдаланудағы қарапайымдылығымен, қауіпсіздігімен және ыңғайлылығымен бүкіл әлемде тұтынушыларды кеңінен қамтуда. Енді сатып алушы сатып алынған затының ақысын төлеу үшін өзінің телефонын алып жүрсе болғаны. NFC және QR-төлемдер сияқты қауіпсіз әрі ыңғайлы ақы төлеу қызметтерінің дамуы тұтынушылардың сенімін нығайтып, шығынды төмендетеді және төлем нарығының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
 

Сондай-ақ оқыңыз