Қазақстанда жолаушылар пойыздарының жүруі қысқартылады

Жарияланды
Теміржол вокзалдарына күтіп алушылар және шығарып салушылар кіргізілмейді

Қазіргі уақытта республика ішінде эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, 113 жұп пойыз қатынайды. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында теміржол вокзалдарында және жолаушылар пойыздарында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді.

Сонымен қатар, Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстары бойынша шектеу шаралары күшейтіліп, мынадай шаралар қабылданды:

?1. Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2020 жылғы 2 қарашадан бастап:
 – №67/68 Нұр-Сұлтан – Өскемен бағытында (аптасына 3 – тен 1 ретке дейін), № 351/352 Алматы – Өскемен бағытында (аптасына 7-ден 3 ретке дейін) қысқартылады;
2) Шығыс Қазақстан облысы станцияларында жолаушылар ПТР тестілеуден өткені және COVID-19 ауруы жоқ екені туралы анықтамасы болған кезде ғана пойызға отырғызылады;
3) Алматы – Павлодар бағытында қатынайтын №31/32 жолаушылар пойызы Шығыс Қазақстан облысының барлық станциялары арқылы жолаушыларды отырғызбай және түсірмей транзитпен өтеді.

?2020 жылғы 9 қарашадан бастап:
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:
1) № 705/706 Алматы – Петропавл жолаушылар пойызының жүру мерзімділігі қысқарады (енді күн сайын емес күнара жүреді);
2) Петропавл станциясында жолаушылар ПТР тестілеуден өткені және COVID-19 ауруы жоқ екені туралы анықтамасы болған кезде ғана пойызға отырғызылады;
3) Жолаушылар пойыздары Солтүстік Қазақстан облысының барлық станциялары арқылы жолаушыларды отырғызбай/түсірмей транзитпен өтеді.
          
?Павлодар облысы бойынша:
1) Павлодар-Алматы №31/32 жолаушылар пойызының жүру мерзімділігі қысқарады (енді күн сайын емес күнара жүреді);
2) Павлодар, Екібастұз, Ақсу-2 және Бозшакөл станцияларын қоспағанда, Павлодар облысының барлық станциялары арқылы пойыздар  жолаушыларды отырғызбай/түсірмей транзитпен өтеді.
         
?Ақмола облысы бойынша:
1) №55/56 Қызылорда – Көкшетау жолаушылар пойызының жүру мерзімділігі қысқарады (енді күн сайын емес күнара жүреді);
2) 1, 2 және 3 сыныпты вокзалдар орналасқан станцияларды қоспағанда, Ақмола облысының барлық станциялары арқылы пойыздар жолаушыларды отырғызбай/түсірмей транзитпен жүреді.

?Қостанай облысы бойынша:
1) №43/44 Қостанай-Алматы, №327/328 Қостанай-Қарағанды жолаушылар пойыздарының жүру мерзімділігі аптасына 7 реттен 3 ретке дейін қысқартылды;
2) Қостанай, Тобыл, Құсмұрын, Есіл, Арқалық және Железорудная станцияларын қоспағанда, Қостанай облысының барлық станциялары арқылы пойыздар  жолаушыларды отырғызбай/түсірмей транзитпен өтеді.

2. Отырғызу кезінде 3 тәуліктен аспайтын уақыт ішінде COVID-19-ға ПТР тестілеуден өткені туралы анықтамасы болмаған жағдайда, сондай-ақ жүру жиілігі өзгерсе немесе пойыздарға отырғызу/түсіру тоқтатылған жағдайда жол жүру билетінің құны 100% қайтарылады.
3. Теміржол вокзалдарына күтіп алушылар және шығарып салушылар кіргізілмейді (билет болған жағдайда ғана рұқсат етіледі).
 

Сондай-ақ оқыңыз