Қауіпті індет анасы арқылы іштегі балаға беріле ме

Жарияланды
Қазіргі уақытта 247 жүкті әйел стационарларда індеттен емделіп жатыр

Елімізде 247 жүкті әйел стационарларда індеттен емделіп жатыр. Бірақ вирустың іштегі балаға берілу жағдайлары Қазақстанда тіркелген жоқ. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ брифингінде мәлімдеді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

 «Сәби өмірге келгеннен кейін анасымен байланыс жасаған 124 жаңа туған сәби бір апта ішінде коронавируспен ауырды. Оларда ауру симтомсыз түрде өтеді. Тек талдау арқылы ғана жұқтырғанын білдік», – деді. 

ДДСҰ зерттеулері бойынша коронавирустың іштегі балаға берілетіні туралы дәлелдер жоқ екенін айтып өтті.

 

Сондай-ақ оқыңыз