Алматыда қылмыс саны 47,5%-ға азайды

Жарияланды
Қалада жағдай тұрақты

Алматы қаласының Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қалада барлық бағыттар бойынша қылмыстың 47,5%-ға азайғанын хабарлады. Бұл туралы ол Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында хабарлады.

Брифинг барысында Департамент басшысы қалада жағдайдың бақылауға алынғанын және тұрақты екенін атап өтті.

 «Ағымдағы жылдың 10 айы бойынша қалада қылмыс саны барлық бағытта 47,5% азайды. Атап айтқанда: қарақшылық шабуыл – 2,0 есеге; зорлау – 2,1 есеге; тонау – 2,2 есеге; бөтеннің мүлкін ұрлау – 2,4 есеге; пәтер ұрлығы – 3,0 есеге; көлік ұрлығы 2,6 есеге; көлік ішінен ұрлау фактісі – 37,5 есеге; көлік қапталындағы айналардың ұрлануы – 2,5 есеге; бұзақылық – 2,1 есеге; алаяқтық – 22,5 есеге төмендеді. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда орын алатын құқық бұзушылық 2,9 есеге;
көшелерде 3,5 есеге; кәмелеттік жасқа толмағандар жасаған құқық бұзушылық – 35,3%-ға; ұйымдасқан топ – 18,9%; бұрын жасағандар 17,5%; отбасылық тұрмыстық салада 32,4% азайды», — деп ақпараттандырды Қанат Таймерденов.

Сонымен бірге, қылмыстық құқық бұзушылық бойынша жалпы қылмыстардың ашылу көрсеткіші барлық бағыттар бойынша 11,6% жақсарғаны хабарланды:

— қарулы қарақшылық шабуыл 6,6%;
— бөтеннің мүлкін ұрлау 6,9%;
— пәтер тонау 12,6%;
— тонау 19,9%;
— өзгенің көлік құралдарын ұрлық ниетінсіз иемдену 5,6%;
— бұзақылық 13,6%;
— алаяқтық 6,7%.
 

Сондай-ақ оқыңыз