Алматы әуежайында мерзімі өткен ПТР анықтамасы бар Ресей азаматы депортацияланды
Ол Түркиядан ұшып келген
Алматы қаласының халықаралық әуежайында мерзімі өткен ПТР-анықтамасы бар Ресей азаматы депортацияланды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі BAK хабарлады.
2020 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Египет, Түркия, Корея, БАӘ, Ресей Федерациясы, Грузия, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан және Германиядан 13 халықаралық әуе рейсі келді.
1 420 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 328 адам, анықтамасыз 91 адам - ҚР азаматтары келді. Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 4 рейс, 191 жолаушы, анықтамамен - 184, анықтамасыз - 7; Алматы қаласының әуежайына - 9 рейс, 1 229 жолаушы, анықтамамен - 1145, анықтамасыз - 84.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. ПТР-талдау нәтижелері бойынша бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.
Сонымен қатар, Түркиядан ұшып келген Ресей Федерациясының азаматы, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.
«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.
Материалы по теме
Читайте в этой рубрике