1 view

Ақтөбе-Қандыағаш тас жолын қайта жаңарту жұмыстары басталды

Фото: ИИДМ баспасөз қызметі

«Ақтөбе-Қандыағаш» тас жолын қайта жаңарту жұмыстары басталады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

24-қараша күні «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-да «Орталық-Батыс» дәлізінің «Ақтөбе-Қандыағаш» км 11-100 учаскесін қайта жаңарту бойынша келісім шарттарға қол қойылды. 

Жоба инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының 2020-2025 жылғы жоспарында көзделген. Жұмыстарды СП «СинеМидасСтрой мен Тодини Конструциони» ЖШС (км 11-52) и СП «Акжол Курылыс ЖШС» / «АзВирт» ЖШҚ /«Ассана ДорСтрой ЖШС» (км 52-100) компаниялары жүзеге асырады. Техникалық бақылауға Dongsung Engineering Co., Ltd. (Корея) мен Субконсультант ZS Engineering LLP (Қазақстан), ал авторлық бақылауға «Инженерный центр «Астана» ЖШС мен «ПИ «Костанайдорпроект» ЖШС жауапты.

«СинеМидасСтрой мен Тодини Конструциони» ЖШС компаниялары желтоқсан айында дайындық жұмыстарын бастаса, Ақтөбе қаласында орналасқан «АзВирт» ЖШҚ /«Ассана ДорСтрой ЖШС» мердігер ұйымдары құрылыс материалдарын дайындап, техниканы нысанға жеткізу жұмыстарын қолға алады. 

Жоба бойынша, жаңа күре жолдың Ақтөбеден Қандыағашқа дейінгі (77,5 км) учаскесі толық төрт жолақты, І-б техникалық санатында болса, Қандыағаш қ.айналма жолы (18,2 км) 2 жолақты ІІ-техникалық санатқа сәйкес болады. Құрылыс жұмыстарының қарқыны артқан сәттерде нысанда 3500 білікті маман мен 1800 арнайы техника жұмылдырылады деп жоспарланған. Жобаның мерзімі – 3 жыл. 

Тас жолдың техникалық көрсеткіштерін арттыру арқылы Ақтөбе мен Атырау өңірлеріндегі логистикалық потенциал артып, сапарға жұмсалатын уақыт үнемделеді.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер