1 view

Жеті өңірде көктайғақ болады

Жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде жылдамдықты төмендетуге кеңес береді

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

29 қазанда елордада және жеті өңірде жауын-шашынның түсуіне және аяз болуына байланысты көктайғақ болады. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне хабарлады. 

     "Нұр-Сұлтан, Ақмола, Шығыс-Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашынның түсуіне және аяз болуына байланысты көктайғақ орын алады. Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары, сондай-ақ көше жарақаттары: соғылу, шығып кету және сыну қатерлері ұлғаяды. Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде абай болып, төмен жылдамдықты сақтауды және сақ болуды ұсынады. Жаяу жүргіншілер жолдан өткен кезде өте мұқият болуы керек, асығуға немесе жүгіруге болмайды. Көктайғақ кезінде азаматтарға тайғанамайтын табаны бар аяқ киім кию ұсынылады. Абай болыңыздар!",- делінген хабарламада.   

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif