«Үркер» сыйлығына 200-ден астам өтінім қабылданды

Жарияланды
Өтінімдер қабылдау 2 қарашада аяқталады.

Осы күнге дейін арнайы құрылған коммиссия 200-ден астам өтінім қабылдады.Бұл туралы ҚР АҚДМ мен басқа де мемлекеттік органдардың қызметі туралы өзекті жедел ақтарат.

Қазылар алқасының бірі, халықаралық медиа-менеджер, «Detaly.co.i» израильдік сайтының бас редакторы  Эмиль Шлеймович конкурс туралы  пікірімен бөлісті: «Бұл мен үшін қызықты әрі құнды тәжірибе болмақ. Журналистер қауымы үшін арналған аталмыш бәйге маңызды деп білемін. Жалпы, өз басым өзге елдердегі барлық журналистерге құрметпен қараймын, себебі – біз әріптестерміз. Қазақстанның медиа саласы бәсекеге қабілетті және Орталық Азиядағы мемлекеттердің арасында жетекші рөл алатынын да мойындаймын».  

Сыйлықтың қазылар алқасы баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы ең мықты мамандарды анықтап, 13 қарашада марапаттау рәсімінде жеңімпаздар есімдерін жариялайды.
 

Сондай-ақ оқыңыз