1 view

ТЖМ автокөлік иелеріне қысқы дөңгелекке ауыстыруға кеңес береді

Ауа температурасының төмендеуіне байланысты

Фото: TCH.ua

ҚР ТЖМ автокөлік иелеріне жазғы дөңгелектерін қысқы шиналарға ауыстыруға кеңес береді. Өйткені күз мезгілінің келуіне орай жол-көлік оқиғаларының орын алу қаупі жиілейді. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша қараша айында жауын-шашын орын алып (көбінесе қар), боран соғып, екпінді жел, сондай-ақ еліміздің орталық, солтүстік және шығыс өңірлерінде көктайғақ пен тұман күтіледі. Сондықтан республика жолдарында көлік құралдарының қозғалысына ерекше назар аудару қажет.
Жазғы шинаны қысқыға ауыстыру жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Ауа температурасының төмендеуінен, сондай-ақ жауын-шашын болған жағдайда жолдың бетінде көктайғақ болуы мүмкін. Соның салдарынан жазғы доңғалақтардың тежелу қабілеті нашарлайды. Осының салдарынан жол-көлік оқиғалары орын алуы мүмкін. Көліктің доңғалағын қысқы шинаға ауыстырмаған жүргізушілер тізгінге ие бола алмай, жолда күтпеген оқыс оқиғаларға тап болуы әбден мүмкін. Осылайша, олар өздерінің және жолаушылардың өміріне қауіп төндіреді. 

Күзде және қыста төтенше жағдайларды болдырмау үшін ҚР ТЖМ ауа-райының өзгеруі, метеорологиялық мәліметтерді, ауа-райының нашарлауы, жолдардың жабылуы туралы арнайы хабарламаларды үнемі қарап отыруды ұсынады. Дауылды ескертулер кезінде ұзақ сапарларға шықпағандарыңыз абзал.

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif