«СҚ-Фармация» қоймасында індетті емдейтін 12 дәрі жетпей тұр

Жарияланды
Қорда болуы тиіс дәрілік зат 20 қарашаға дейін жеткізілуі керек

«СҚ-Фармация» қоймаларында індетті емдейтін  дәрінің 12 түрі қорда жоқ, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Мирас Шекеновтың айтуынша ,26 қазанда елордалық антикор қызметі, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, қалалық әкімдік, » ҚР «Фармацевтика қызметін қолдау және дамыту қауымдастығы» ЗТБ филиалының мамандары «СҚ-Фармация» ЖШС қоймаларындағы қорын тексерген.

 «Мониторинг тобы қоймада дәрінің 32 түрі сақталғанын анықтады. Қорда болуы тиіс 12 позиция жоқ, ал бес түрлі дәріні жеткізудің шарты мүлдем жоқ», – деді Мирас Шекенов. 

«СҚ-Фармация» өкілі А. Салиевтің айтуынша қорда болуы тиіс дәрілік зат осы жылдың 20 қарашасына дейін жеткізілуі керек», – деді Шекенов.
 

Сондай-ақ оқыңыз