Шымкентте жоғалып кеткен 5 жастағы бүлдіршін аман-есен табылды

Жарияланды
Полиция ата-аналарды балаға мұқият болуға шақырады

Шымкентте жоғалып кеткен бес жастағы бүлдіршін аман-есен табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

 Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне «102» арқылы Шымкент қаласының тұрғыны арызданған.

 Ол өз арызында бес жасар ұлының белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағандығы туралы шағымданған. Бастапқыда бүлдіршінді өз күштерімен іздеген туыстары еш нәтиже шықпаған соң, тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері шақырту орнына дер кезінде жетіп, мән-жайды анықтап, әкімшілік аумақты аралау барысында балақайды аман-есен тауып, үйіне жеткізді.
 

Сондай-ақ оқыңыз