Салық төлеу жеңілдетілді

Жарияланды
e-Salyq мобильді қосымшасы арқылы кез келген салықты төлеуге болады

Қазақстандықтар үшін салық төлеу процедурасы жеңілдетілді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 
 
Бұл iOS және Android құрылғыларына жүктеуге болатын e-Salyq мобильді қосымшасының арқасында мүмкін болды. Мұндай бағдарлама бірден салық төлеушілердің алдында тұрған бірнеше өзекті мәселелерді жояды. 

ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев атап өткендей, мәліметтерді толтырмай, банктерге бармай, төлем терминалдарын пайдаланбай, осы қосымша арқылы салық төлеу оңай. Енді жүйеде реквизиттер орнатылған және төлем түскен кезде ол автоматты түрде азаматтардың жеке шоттарына автоматты түрде түседі. Бұл адами фактордан пайда болуы мүмкін қателіктерді жояды.
 

   «Барлық керекті ақпарат жүйеге енгізілген және бұл жүйе төленген қаражатты қажетті шотқа жібереді. Сонымен қатар, Салық Әмияны арқылы салық салу объектілері туралы деректерді түзету мүмкіндігі бар, бұл онлайн режимінде түзетуге, оның ішінде көлік құралының сипаттамаларын өзгертуге өтініш беру мүмкіндігін жасайды», – деп атап өтті Руслан Енсебаев.

Қаржы вице-министрі іс жүзінде e-Salyq мобильді қосымшасы кең көлемде атқарылған жұмыстардың нәтижесі болып табылатынын ерекше атап өтті.  
 
    «Уәкілетті органдардың және мемлекеттік кірістер органдарының дерекқорларын орталықтандыру бойынша ауқымды жұмыс жасалды. Яғни, енді салық салынатын объект иесіне және оның мәртебесіне қатысты кез-келген өзгерістер автоматты түрде интеграцияланған мәліметтер базасында жаңартылып отырады. Есептеу жүргізіліп, салық төлеушіге алдағы төлем туралы PUSH-хабарлама немесе SMS арқылы хабарланады», – деді Р. Енсебаев.

Еске сала кетейік, бұрын салық салу базалары жергілікті болған. Ал интеграцияланған мәліметтер базасының болмауы салық салу объектісінің қайталануына және дұрыс емес мәліметтерге әкелді. Сондай-ақ, қарыз туралы ақпарат халыққа кешіктіріліп берілетін.  

Жалпы, ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша e-Salyq мобильді қосымшасын пайдаланушылар саны 85 016 адамды құрады. Салық әмиянына аударылған қаражаттың жалпы сомасы 19,5 миллион теңгеден асты. Сонымен қатар, 6 мыңға жуық адам түзету қызметін пайдаланды.
 

Сондай-ақ оқыңыз