Республикалық жолдардың 90%-ы орташа жөнделді

Жарияланды
Жылдың соңына дейін автомобиль жолдарының 1056,6 шақырымы қалыпқа келтіріледі

Елімізде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жалғасып жатыр. Бүгінге дейін жолшылар олардың 90%-ын қалыпқа келтірген. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.   

Анықталғаны, биыл орташа жөндеу бойынша барлығы 66 жоба жүзеге асырылуда. Олардың 13-і – ауыспалы болса, 53-і –жаңа жобалар.   

Бүгінде республикалық автожолдардың 948,5 шақырымы қалыпқа келтірілген. Жабындыны жоңғылау мен жарықтарды құю бойынша жұмыстар атқарылды. Автожолдардың 500 шақырымға жуығына ресайклинг әдісі жүргізіліп, 144 шақырымына жабынды төселді. Бұдан бөлек, жолшылар 12,42 шақырым жерге қорғаушы қабат орнатқан.

Сондай-ақ, тозығы жеткен жол қабаттары келесідей учаскелерде қалыпқа келтірілді:  «РФ шек. (Самара)-Шымкент», «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау порты», «Көкшетау қаласы арқылы «Нұр-Сұлтан-Петропавл», «Бурабай курорттық аймағының жолдары», «Көкшетау қаласының айналма жолы» (әуежайға барар жолмен бірге), «Көкшетау- Атбасар», «Алматы-Көкпек-Чунджа-Көктал-Қорғас», «Көкпек-Кеген-ҚР шекарасы (Түп)», «Алматы-Өскемен (Талдыкорған қаласының айналма жолы)», «Атырау-Орал», «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғаз», «Чапаево-Жалпақтал-Казталовка-РФ шек.», «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шек.», «Қызылорда-Павлодар»-«Жайрем-Қаражал-Атасу», «Ақшатау-Ағадыр-Ортау» автожолы, «Қызылорда-Павлодар», «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Энтузиаст-Киевка-Теміртау», «Павлодар-Шарбақты-РФ шек», «Ленин-Ертіс-Русская Поляна», «Көкшетау-Рузаевка», «Мамлютка-Қостанай», «РФ шек. (Екатеринбург)-Алматы», «Жизақ-Гагарин-Жетісай-Киров-Қызыләскер-Сарыағаш-Абай-Жібек жолы».   

Айта кетейік, жылдың соңына дейін республикалық жолдардың 1056,6 шақырымы қалыпқа келтіріледі.

Сондай-ақ оқыңыз