Нұр-Сұлтан әуежайында мас күйде төбелес шығарған жолаушы тұтқындалды 

Жарияланды
Оған 55 АЕК көлемінде айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан әуежайында әкімшілік құқықбұзушылық жасаған ер адамға айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция қызметкерлері ер адамды Әкімшілік кодекстің бір емес, үш бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартқан. Ер адамға 55 АЕК айыппұл салынды. 

  «Тексеру барысында Маңғыстау облысының 43 жастағы тұрғыны мас күйде әуе кемесінің салонында темекі шегіп, боқтап сөйлегені, тіпті аталған әуе компанияның қызметкерлерімен төбелескені анықталды. Ұшақ қонғаннан кейін ер адам полиция тапсырылды», – деп атап өтті полиция полковнигі. 

 

Сондай-ақ оқыңыз