Қостанай облысында 20 қазаннан бастап карантин режимі күшейтіледі

Жарияланды
Тиісті шешімді жедел штаб коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін қабылдады

Қостанай облысында карантин шаралары күшейтіледі. Бұл шектеулер 20 қазан сағат 00-ден бастап күшіне енеді, деп хабарлады coronavirus2020.kz. 

Күнделікті шектеулер:

– қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс режимін 23 сағатқа дейін қысқарту, залда 30 орыннан аспайтын орын орнату;

– ашық ауада аттракциондардың жұмысын тоқтата тұру;

Демалыс күндеріндегі шектеулер:

 – қоғамдық көлік қозғалысына тыйым салу;

– ауданы 2000 шаршы метрден астам сауда объектілерінің, азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтата тұру;

– азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының жұмысын тоқтата тұру;

– азық-түлік емес тауарлардың бөлшек сауда объектілерінің жұмыс режимін сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін шектеу;

– фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының жұмысын тоқтата тұру;

– қоғамдық моншалардың, сауналардың жұмысын тоқтата тұру;

 

Сондай-ақ оқыңыз