Қостанай облысында 13 әкенің көлігі тәркіленді

Жарияланды
Алимент төлемегендері үшін

Сот орындаушылары жыл соңына дейін берешек сомасын барынша азайтуды көздеп отыр. Өйткені алимент төлемегендердің қарызы 93 млн теңгеге жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат

 «Қасақана алимент төлемей жүргендермен белсенді күреске барлық өңірлер бойынша прокуратура қызметкерлерін де қосамыз. Қазіргі статистика нашар, 9 айдың қорытындысы бойынша 14,5 мың атқарушылық іс түскен. Алимент өндіру мәселесі оңай емес, сондықтан біз осы бағыттағы жұмысты күшейтуді жөн көрдік және жақын арада борышкерлер үшін рейд бастаймыз. Сондай-ақ борышкерлерге балалар алдындағы өз міндеттемелерін ерікті түрде өтеуге мүмкіндік бере отырып, оларды жұмысқа орналастыруға тырысамыз. Бізде мұндай тәжірибе, жақсы нәтижелер бар. Жазаламас бұрын, біз осы жағдайда шешім табуға тырысамыз. Бірақ, егер борышкерлер ымыраға келгісі келмесе, онда біз заң бойынша талапкердің пайдасына жылжымалы және жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп алып қоюға көшеміз», – дейді Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы басшысының орынбасары Есімгелді Шодоров. 

Жыл басынан бері тек облыс орталығында ғана алимент төлемеген 13 әкенің автокөліктері тұтқындалып, тәркіленген.

 

Сондай-ақ оқыңыз