1 view

Елорда 6 мыңға жуық тұрғын туберкулезге қарсы профилактикалық тексеруден өтеді

Акция 23 қарашаға дейін өтеді

Фото: елорданың ресми сайты

23 қазан мен 23 қараша аралығында Нұр-Сұлтанда туберкулезді ерте анықтау үшін «ТОҚТА, туберкулез!» ұранымен қалалық ауқымды акция өтуде. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлады.

 «COVID-19 пандемиясы туберкулезді уақтылы анықтауға бағытталған шаралар көлеміне әсер етті. Карантин кезеңінде туберкулезге тексерілгендер саны өткен жылмен салыстырғанда 20% азайды. Туберкулезді анықтау деңгейі үш есе төмендеді. Бұл айлық шара - қала тұрғындарын туберкулезге тексеруден өтуге, аурудың алдын алу және анықтау үшін білім деңгейін көтеруге шақыру», - дейді қалалық фтизиопульмонология орталығының директоры Анна Цепке.

Жалпы, акция кезінде алты мыңға жуық елорда тұрғынын туберкулезге қарсы профилактикалық тексеру жоспарланған. 

Флюорографиялық тексерумен қатар туберкулездің алдын алу бойынша кеңестер алуға болады. 

Сондай-ақ, полиция департаментінің қолдауымен тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарға флюорографиялық тексеру жүргізу жоспарлануда. Мамандар тәуекел тобындағы адамдарға кеңес беріп, қашықтан көмек көрсетеді.



 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif