Еліміздегі оқушылар екінші тоқсанды онлайн режимінде оқиды

Жарияланды
Оқу жылының басынан бері 205 оқушыдан індет анықталды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мектеп оқушыларына оқу жылының екінші тоқсанында үздіксіз онлайн режимінде білім беруді ұсынады. Бұл туралы департаменттің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

 «Әзірге эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстары өзгеріссіз қалады, яғни онлайн режимінде оқыту керек. Әзірге оффлайн режимді кезекші топтардағы және 180 балаға дейінгі шағын жинақты мектептердегі 1-4 сыныптар аралығында ғана сақтаңыз», – деді бас дәрігер.

Есмағамбетова бұған дейін оқу жылының басынан бері коронавирусты 205 мектеп оқушысы жұқтырғанын, оның 105-і кезекші сабаққа қатысқанын айтқан.

Қазақстандық оқушылар 2019/20 оқу жылының төртінші тоқсанынан бастап қашықтан оқып жатыр. Қазақстанда коронавирус 13 наурызда анықталды. Наурыздан қазанға дейін балалар ата-анасының өтініші бойынша, кезекші сыныпқа барады, сыныпта бала саны 15 адамнан аспайды.
 

Сондай-ақ оқыңыз