1 view

Елімізде фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 39,8 пайыз өсті

9 айдың қорытындысы бойынша

Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов халықты дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету туралы баяндады. Бейбіт Атамқұлов атап өткендей, 9 айдың қорытындысы бойынша фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 39,8% өсті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

   «Өсім «СК-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізудің ұлғаюымен қамтамасыз етілді», — деді министр.  

Еліміздің фармацевтика өнеркәсібінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруді 96 кәсіпорын жүзеге асырады. Бүгінде отандық тауар өндірушілер дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 5 042 мың атауына 88 ұзақ мерзімді шарт жасады. Отандық кәсіпорындар тәулік сайын 900 мың маска шығаруда. Қоймаларда 18 млн маска бар. Бұл ретте, кәсіпорындардың өндіріс қуаттылығы тәулігіне 1,2 млн данаға дейін медицина маскасын шығаруға мүмкіндік береді.

Күн сайын 330 мың жұп перчатка шығарылады. Қоймаларда 7 млн аса жұп перчатка бар. Ағымдағы жылдың қараша айында оның қуаттылығы тәулігіне 530 мың жұпқа дейін ұлғайтылатын болады. Бүгінде 6 отандық компания айына 504 мың қорғаныс костюмін шығарады. Жыл соңына дейін оның қуаттылығы 1 млн дейін арттырылатын болады.

  «Індеттің екінші толқыны жағдайында фармацевтика саласының кәсіпорындары дәрілік заттардың қажетті көлемін қамтамасыз етуге дайын», — деді Атамқұлов.

Өкпені жасанды желдетудің стационарлық аппараттарына республика бойынша барлық қажеттілік 1500 бірлік аппаратты құрайды.

Бүгінгі күні Қазақстанның 17 өңіріндегі 297 аурухана үшін барлық 1500 бірлік (100%) ӨЖЖ стационарлық аппараты өндірілді және жеткізілді.  Қазақстан зауыттарында 376 жедел жәрдем автомобилі шығарылды, оның 220-сы ел өңірлеріне жеткізілді. Бүгінгі таңда қалған 156 бірлік көлік жеткізілуде. Жалпы, осы бағдарлама шеңберінде 5 қарашаға дейін 1 167 бірлік санитарлық көлік жеткізілетін болады.

Бүгінгі таңда  жылжымалы медициналық кешендердің 63 бірлігі дайындалды.  Бүгінде 45 бірлік медициналық кешені жөнелтілді, оның 25 бірлігі өңірлерге жеткізіліп, беру процесі жүргізілуде. Қалған 18 кешен ертең жөнелтіледі. 37 бірлік өндірісте және ағымдағы жылдың 23 қазанына дейін жөнелтілетін болады.  Жергілікті атқарушы органдар «Ақтөберентген» АҚ-мен 49 бірлік рентген аппаратын өндіруге келісімшарттар жасасты. Алғашқы 12 аппарат 9 қазанда Ақтөбе қаласына жеткізілді. Қалған 37 бірлік аппаратты жөнелту ағымдағы жылдың 30 қазанына дейін аяқталатын болады.   Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық барысында облыстың медициналық ұйымдарын дәрілік заттармен және арнайы қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету үшін 2,1 млрд теңге қаражат бөлінген.  

   «Аталған қаржыға 362 млн теңгеге дәрілік заттар, 1,5 млрд теңгеге медициналық бұйымдар, 185 млн теңгеге дезинфекциялық ертінділер сатып алынды. Сатып алынған құралдардың 70%-ы медициналық мекемелерде, қалған 30%-ы облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының қоймасында қор ретінде сақталуда», — деді Ө. Шөкеев.  

Сонымен қатар, медициналық ұйымдардың амбулаториялық деңгейде науқастарға қалыптастырылған өтінімдеріне сәйкес, а.ж. 16 қазанындағы жағдай бойынша ол 5,9 млн теңгеге (77%) қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, Бірыңғай дистрибютор СК-Фармацияға қажеттілікке сәйкес 32 млн теңгеге қосымша өтінім берілді.

   «Облыс аумағында 557 бөлшек сауда дәріханасы бар, оның 238-імен өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылды, олар дәрі-дәрмекті біз белгілеген бағамен сататын болады. Халықты маскамен үздіксіз қамтамасыз ету үшін ересектерге 1,5 млн дана және балалар үшін 1 млн дана қосымша өтінім берілді», — деп нақтылады облыс басшысы.  

Облыс бойынша ӨЖЖ аппараттарының саны 178-ден қысқа мерзім ішінде 332-ге дейін жеткізілген, өсім — 46%.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif