1 view

Алматыда демалыс күндері үлкен жәрмеңке өтеді

Сиыр еті- 1800 теңге, қант бағасы -215 теңге

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің Telegram каналы

Алматыда 2020 жылдың 10-11 қазанында ағымдағы жылы алғаш рет кеңейтілген жәрмеңке өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.

Жаңа маусымды ашуға Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалалары және Алматы облысының 17 ауданының ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілері келеді, сонымен қатар, жәрмеңкеге «Жетісу» ӘКК «ҰК» АҚ да қатысады.

Жәрмеңкеге қатысты шаралар қаланың бірден екі ауданында таңғы сағат 8.00-ден кешкі сағат 17.00-ге дейін өтеді: «Астана» алаңында (Абылай хан даңғылынан Н.Назарбаев даңғылына дейін) және «Алатау» концерт залы аумағында (Нұркент ықшамауданы, 6).

Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына жалпы көлемі 400 тоннадан асатын 50-ден астам өнім түрлері ұсынылады, олар:

• ет өнімдері — 60 тонна,
• жемістер мен көкөністер — 180 тонна,
• сүт өнімдері — 21 тонна,
• балық өнімдері — 16,2 тонна,
• басқа өнімдер — 126 тонна.

Азық-түлік өнімдерінің  бағасы нарықтағы орташа деңгейден 10-15%-ға төмен болады.

Еске салсақ, кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкелері азаматтарды қолжетімді баға бойынша сапалы және әртүрлі өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.

Алматыда жақын күндері Жамбыл мен Түркістан облыстарының қатысуымен осындай шаралар өткізу жоспарлануда. 

Қосымша хабарлаймыз, шаралар өтетін нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды, оның ішінде «маскалық» режимді, қол гигиенасын (қолғаптар, антисептиктер) және әлеуметтік қашықтықты берік ұстану қатаң талап етіледі.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif