Алматыда 8 оқушыдан індет анықталды

Жарияланды
Ауырған балалардың барлығы қашықтан оқиды

Алматыда қашықтан оқып жатқан 8 оқушыдан коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

 «Бүгінде 8 бала есепке тіркелді. Оның барлығы – қашықтан оқитын балалар. Қазіргі уақытта мектеп оқушыларының 96% қашықтан оқып жүр. Сонымен қатар, қаланың 133 (64%) мектебінде 11 840 баланы қамтыған 923 кезекші сынып ұйымдастырылды. Кезекші сыныптар санитарлық эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жинақталған, әр сыныпта оқушы саны 15 адамнан аспайды. Мектептердегі оқу процесін ұйымдастыруда мектеп алдында тұрған басты міндет – балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету», – қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары деді Қайрат Жұманов.

 

Сондай-ақ оқыңыз