1 view

Алматы облысында карантин шаралары күшейтілді

Демалыс күндері дәмхана мен ойын-сауық орталықтары жабық болады

Фото: Shutterstock

Алматы облысында карантин шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz аймақ әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес, "коронавирус инфекциясының жағдайына байланысты карантин режимі мен мерзімі өзгеруі мүмкін". 

Дәмхана, мейрамхана және тамақ ішетін басқа орындарда демалыс күндері тек жеткізу қызметі жұмыс істейді. Жұмыс күндері 30 адамнан артық адам отырмауы керек.

Сыдыманов барлық бассейнді жабу туралы қаулы шығарды. Отбасы мүшелерінен басқа, тұрғындарға әлі де үш адамнан артық топтасып жүруге болмайды. 65 жастан асқан азаматтарға көшеге шықпауға кеңес берілді.

Базарлар сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін 30 пайыздан асып толмай жұмыс істейді, ал ойын-сауық сауда орталықтары осындай шартпен сағат 22.00-ге дейін ашық болады. Демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге тыйым салынды.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif