Ақтауда той жасаған мейрамхана иесі жазаланды

Жарияланды
Маңғыстау облысында карантин талаптары күшейтіледі

Демалыс күні Маңғыстаулық полицейлер мен қоғамдық коммуникация орталығының түсілім тобы Ақтаудағы мейрамханаларға рейд жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz сайты.

Шара барысында 100-ге жуық адамға той жасаған тағы бір мейрамхана анықталды. Карантин тәртібін бұзып, той жасаған кәсіпкерлерге 230АЕК көлемінде айыппұл салынады.

13 қазан 00:00 сағаттан бастап Маңғыстау облысында карантин талаптары күшейтіледі. 

Жаңа талаптар бойынша тамақтану орындары, дәмханалар мен ірі супермаркеттер жұмысы 21:00-ге дейін қысқарады. Қоғамдық көліктер сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтатады. Фитнес орталықтары мен жаттығу залдарының жұмысы тоқтатылады. Азық-түліктен басқа барлық базардың жұмыс уақыты 16.00-ге дейін қысқарады.
 

Сондай-ақ оқыңыз