4 елмен әуе рейсі қысқарады

Жарияланды
Ол Украина, БАӘ, Германия және Беларусь

Қазақстан бірнеше елмен әуе байланысын қысқартпақ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлім етті. 

   «Бірқатар елде эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және Қазақстанға коронавирус инфекциясын әкелуге байланысты Денсаулық сақтау министрлігі Украина, БАӘ, Германия және Беларусь елімен әуе қатынасын қысқартуға кеңес береді», – деді бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов.

Сондай-ақ, 2020 жылғы 14 қазандағы жағдай бойынша еліміздің құрлық шекарасын кесіп өткен 3322 азаматымыздың қолында ПТР-тест нәтижелері бар анықтамалары болмаған. Олардың барлығы карантиндік стационарларға орналастырылды, 60 адамда оң нәтиже анықталды. Әуе жолымен Қазақстанға анықтамасыз 3051 адам келді. Оларда карантиндік стационарларға жатқызылды, инфекция 10 адамнан шықты.

Сондай-ақ оқыңыз