1 view

2025 жылға дейін 87 ауыл таза ауыз сумен қамтылады

Бұл 103,7 мыңға жуық адамды қамтиды

Фото: primeminister.kz

2025 жылға дейін 87 ауыл таза ауыз сумен қамтылады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру мәселелері қаралды. ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев халықты сапалы ауыз сумен қамту қарқыны туралы айтты.

Су кодексіне сәйкес министрлік елді мекендердің шекарасына дейін сумен жабдықтау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады және топтық су құбырларын салу және реконструкциялау жөніндегі бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады. Қазіргі уақытта республика бойынша жалпы ұзындығы 15,5 мың шақырым болатын 74 топтық су құбырлары бар.

Оның ішінде республикалық меншікте 13 мың шақырым құрайтын 37 топтық су құбырлары тіркелген. Олар жалпы 1,1 адамы бар 608 ауылдық елді мекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуде.

Министрдің айтуынша, 2019-2020 жылдар аралығында тиісті қаржы бөлініп, әлеуметтік маңызы бар бірқатар топтық су құбырлары бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды.

Атап айтсақ, 2019 жылы Павлодар облысындағы Май, Беловод және Қарағанды облысындағы Жәйрем-Қаражал топтық су құбырлары пайдалануға берілді.

Ал 2020 жылы Алматы облысындағы Қаскелең, Қызылорда облысындағы Талап және Жиделі, Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов - екінші кезек, Батыс Қазақстан облысындағы Жымпиты топтық су құбырлары бойынша барлық жұмыстар ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілетін болады.  

   «Нәтижесінде бұған дейін сапалы суы болмаған 37 ауылдық елді мекен бойынша жаңадан су құбырлары салынып, 46 мыңға жуық тұрғыны таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі», - деді министр.

Сонымен қоса, бір қала мен 39 ауылдық елді мекеннің ескі су беру жүйесі қайта жөндеуден өтіп, ауыз судың сапасы артады. Өз кезегінде, бұл 286,7 мың тұрғынды қамтиды.  Сонымен қоса, 2020 жылы 3  топтық су құбырының құрылысы басталды. Олар жаңадан салынып жатқан Ақмола облысындағы Макинск пен Ақтөбе облысындағы Жаныс би топтық су құбырлары. Және Қарағанды облысындағы Есқұла топтық су құбырының жаңа бөлігі салынуда. Аталған топтық су құбырлары 2021 жылдың аяғына дейін пайдалануға беріледі.

    «Нәтижесінде 3 ауылдық елді мекенде тұратын 1,3 мың адам үшін сапалы ауыз су қолжетімді болады. Сонымен қатар, 3 қаланы сумен қамтамасыз ететін құбырлары жаңартылады. Яғни, 94 мың тұрғын үшін берілетін ауыз судың сапасы жақсарады», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Министр жоспар бойынша 2025 жылға дейін 11 топтық су құбырлары қайта жаңартылып, жөнделетінін айтты. Оның ішінде, бірқатар су құбырлары ұзартылады.

    «Осының арқасында бұған дейін сапалы суы болмаған 87 ауылдық елді мекен таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Бұл 103,7 мыңға жуық адамды қамтиды. Сонымен қоса, 321 ауылдық елді мекеннің ауыз су беру жүйесі жаңартылатын болады. Бұл, өз кезегінде 524,6 мың адамды қамтиды», - деді министр.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook және Telegram


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер