Жеті жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер анықталды

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото:Polisia.kz сайты

Алматы полициясы жеті жыл бойы сот жүйесінен жасырынған адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

  «2013 жылдың қаңтарында күдікті – Э.азамат, Алматы қаласында, “Құлагер” ықшамауданында орналасқан кафенің алдында, бұзақылық ниетпен, ішімдікке мас күйінде, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, А., Н. және Т.есімді азаматтарды себепсіз пышақпен жарақаттаған. Жәбірленушілердің бірі есін жимастан оқиға орнында қайтыс болды. Тағы екі ер адам көптеген жарақаттармен қалалық клиникалық ауруханаға түсті. Жетісу аудандық Полиция басқармасы кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті тергеу мен соттан тығылып қалды. Э.азамат мемлекетаралық және халықаралық іздеуде болды», – деді Алматы қалалық Полиция департменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров. 

Шығыс Қазақстан облысындағы әріптестермен бірге жедел-іздестіру іс-шаралары барысында іздеуде жүрген қылмыскер Семей қаласында ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ары қарай ол Алматыға жеткізіледі.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif