Жапонияда «Хайшэн» тайфуны орын алды

Жарияланды
Екі жүз мыңнан астам адам эвакуацияланды 

Жапонияда билік жағалаудағы қалалардан екі жүз мыңнан астам адамды эвакуациялау туралы бұйрық шығарды. Елде  Хайшэн  тайфуны орын алды. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.

Билік сондай-ақ Ресей Примориясы мен Корея түбегіндегі апатқа дайындалып жатыр.

Бірнеше күн бойы Жапонияның оңтүстік аралдарына қарай жылжып келе жатқан Хайшэн тайфуны жексенбіде айтарлықтай күшейе түсті. Ол Мәскеу уақытымен күндізгі сағат бірде жағалауға жетті, оңтүстік аралдардың кейбір тұрғындары электр жарықсыз қалды.
 

Сондай-ақ оқыңыз