Жағдайы төмен отбасының балалары мектеп құралдарын сатып алуға  сертификат алды

Жарияланды
Әрбір сертификат номиналы 10 мың теңге

Әлеуметтік осал топтағы балаларға меценаттық және қайырымдылық қаражат есебінен қолдау көрсетілді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан бастауыш сыныпта оқитын алпыс оқушы дүкендерден кеңсе тауарларын сатып алуға сертификат алды. Әрбір сертификат номиналы 10 мың теңге. Балаларға «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі Nur Otan партиясының «Бірлік» филиалымен бірлесіп көмек көрсетті.

 «Мен көп балалы ана ретінде баланы мектепке жинау қаншалықты қиын екенін білемін. Ал қазіргі қиын уақытта көп отбасы қиын жағдайға тап болды. Әсіресе сондай жандарға біздің қолдауымыз қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жақын адамдарға көмектесу қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысының үндеуін толық қолдаймын», – деді» Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің лекторы, блогер, кәсіби коуч Құралай Ошақбаева.

Көп балалы және көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау меценаттық және қайырымдылық қаражаты есебінен көрсетілді.

 « Мүмкіндігі шектеулі балаларды игі істерімен қолдап, көтермелеп жүргендері үшін үлкен алғыс білдіргім келеді. Тек жақсылық болсын. Қазақстанымыз көркейе берсін. Балаларымыз аман болсын!»,-дейді көпбалалы ана Эльназ Тугетова.

Сонымен қатар, мектеп оқушыларымен кездесуге меценат Жәкен Мансура, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Салтанат Тұрсынбекова да келді.

Сондай-ақ оқыңыз