Зейнетақыны мерзімінен бұрын шешіп алғандар 10% салық төлейді

Пайдалануға қажет болса, отбасы мүшелерінің қаражатын біріктіруге болады

Фото: Shutterstock

Елімізде  мерзімінен бұрын зейнетақы сомасын шешіп алғандар 10% салық төлейтін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

 «Жеке тұлғалар ең төменгі 1 жалақы мөлшеріндегі (42 500 теңге) салықтық шегерімді қолдану арқылы салық салынатын соманы азайтуға құқылы. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтары (ҰОС-на қатысушыларға теңестірілгендер, барлық топтағы мүгедектер, мүгедектердің ата-аналары мен қамқоршылары, жетім балаларды асырауына алған ата-аналар) тағы қосымша 882 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК - 2778 теңге) мөлшерінде шегерім қолдануға құқылы. Бұл - 2,3 млн теңгені құрайды (Салық кодексінің 345, 346, 353-баптары). Тиісінше, көрсетілген шегерімдерді ескере отырып, тұрғын үй сатып алуға, емделуге және басқа да рұқсат етілген мақсаттарға зейнетақы ақшасынан ішінара алынатын сомаларға 10% мөлшерінде жеке табыс салығы салынады», - деді комитеттен.

 Еске салайық, Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдан бастап зейнетақы жинағын ішінара шешіп алуға болатынын айтқан еді. Осы ретте, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарын пайдаланудың «жеткіліктілік шегін» жариялады. Яғни 20-59 (және одан жоғары) жастағы азаматтар «жеткіліктілік шегінен» асыра жинаған зейнетақы сомасын шешіп ала алады. Ол ақшаны тұрғын үй жағдайын жақсартуға , емделуге немесе қаржы компанияларына басқаруға беруге жұмсауға болады. Егер мақсатты пайдалануға қажет болса, отбасы мүшелерінің қаражатын біріктіруге болады.


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif