Зейнетақы жинақтарымыздың жағдайы қандай

Жарияланды
Зейнетақы жинақтарының негізгі 3 қағидасы бар

«ҚР-да Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес  зейнетақы жинақтары – бұл салымшының жеке зейнетақы шотында ескерілетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары, инвестициялық табыс, өсімпұл және өзге де түсімдер. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ-ның ресми телеграм арнасы хабарлады. 

Зейнетақы жинақтарының негізгі 3 қағидасы:

Біріншісі: зейнетақы жинақтары – салымшының меншігі, оның сақталуына мемлекет кепілдік береді. Оған салымшының еркінен тыс ешкім билік жүргізе алмайды, яғни үшінші тұлғаларға немесе мақсатқа сай келмейтін басқа да төлемдер жасай алмайды.

Екінші: жинақтар үздіксіз инвестицияланады, яғни олар «құр жатпайды», салымшыға «жұмыс істейді». ҚР Ұлттық Банкі зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарады және инвестициялайды. Инвестициялаудың басты қағидаты – бұл олардың сақталуы, яғни қандай да бір себептермен оларды жоғалту тәуекелін азайту. Зейнетақы жинақтары тұрақты пайда әкеліп, қамсыз қарттықты қамтамасыз ету үшін көбейіп отыруы тиіс.

Үшіншісі: барлық зейнетақы жинақтарының басым бөлігі әрбір салымшының шотына күнделікті есептелетін инвестициялық табыстан тұрады және кез-келген салымшы БЖЗҚ мобильдік қосымшасы немесе Қор сайтындағы өзінің жеке кабинеті арқылы өз жинақтарын «24/7» режимінде бақылай алады.

Сондай-ақ оқыңыз