Зейнетақы қорындағы қаражатты кімдер ала алады?

Есепшотыңыздан қанша ақша ала алатыныңызды білгіңіз келсе

Фото: kursiv.kz

Тұрақты жұмысы бар қазақстандық азаматтар зейнетақы қорындағы ақшасын ала алады. Бірақ бәрін түгел алуға не кез келген қазақстандықтың алуына рұқсат жоқ. Қордағы қаражаттың алуға болатын бөлігі мен ала алатын азаматтар категориясына қатысты ақпаратты қарапайым тілде түсіндіріп береміз. 

    Сонымен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов сүйінші жаңалық жеткізді. Осыған дейін көпшіліктің көкейін арман секілді көрінген амал орындалатын болды. Бірақ қуануға әлі ерте. Бірінші кезекте, ақшаны қайда жұмсайтыныңыз анықталады. Жұбайыңызбен Мальдив аралдарына бір апта демалып қайтуға ақша сұрасаңыз, он жерден есепшот иесі болсаңыз да бермейді. Тек мақсатты түрде, яғни тұрмыстық ахуалды жақсарту үшін тұрғынүй мәселесін шешетін болсаңыз, денсаулығыңызды қалыпқа келтіремін деп ниеттенсеңіз рұқсат етіледі.  

    Бұдан кейінгі сіздің білуіңіз тиіс ақпарат — қордағы жиналған қаражат көлеміне қатысты. Бұл жерде белгілі бір меже бар. Сол межеден асса ғана, қалауыңызша ақша шешіп ала аласыз. Әр жастағы азамат үшін меже мөлшері әр түрлі. Өйткені ол есептің жүргізілу тәсілі бар. Яғни жеткілікті меже дегеніміз — зейнетақы жинағына қажет минимал сома. Болашақта слалымшы тұрақты түрде салып тұрады деген есеппен жасалады. Жинақтың жеткілікті не жеткіліксіз екеніне байланысты параметрлерге тоқталсақ: 

•    Ер мен әйелге талап бірдей;
•    Кіріс көлемі, инфляция деңгейі, ең төменгі төлем мөлшеріне қарай жыл сайын есептеліп отырады;
•    Әр жасқа бөлек есептеледі. 20 жастан басталады.


    Алдын-ала есеп бойынша, зейнетақы қорындағы жинағының бір бөлігін алу үшін:
•    30 жастағы азаматтың шотында – 2 518 000 теңге
•    35 жастағы азаматтың шотында – 2 961 000 теңге
•    40 жастағы азаматтың шотында – 3 437 000 теңге
•    45 жастағы азаматтың шотында – 3 947 000 теңге
•    50 жастағы азаматтың шотында – 4 495 000 теңге
•    55 жастағы азаматтың шотында – 5 084 000 теңге
•    59 жастағы азаматтың шотында – 5 586 000 теңге болуы тиіс.

    Яғни ақшаны ала аласыз ба, жоқ па оны тексеру үшін бірінші кезекте қанша ақша жинағаныңызды есептеуіңіз керек. Оны Telegram желісіндегі EgovKzBot2.0 боты, ЭЦҚ-мен EGov арқылы, болмаса www.enpf.kz сайтындағы жеке кабинетіңізден біле аласыз. Қаражат сомасы белгілі болғаннан кейін жоғарыдағы межеге көз салыңыз. Мысалы 30 жастағы азамат болсаңыз, есепшотыңызда 2 518 000 теңге қалдырып, үстіндегі ақшаны шешіп ала аласыз. Осыны ескеріңіз. 

    Орташа жалақы мөлшері деңгейінде табыс табатын азаматтардың есепшотында бұл межеден асатын сома болатыны анық. Бұл — енді министр Нұрымбетовтің пікірі. Расында өткен жылдың төртінші тоқсанының нәтижесінде қазақстандықтардың орташа айлық ақысы 203,9 мың теңге болған. Егер тұрақты жұмыс істейтін әр азамат осылай табыс тапса, министрдің есептен жаңылмағаны. Десек те, бізде орташа жалақының есептелуі шындыққа жақын келе бермейтінін де ескеру қажет. Осы тақырыпта жазылған жазбаның астына пікір қалдырған Маржан Алпысова есімде Facebook қолданушысы «Өз басым жұмыс істеп келе жатқаныма 20жыл болды. Арасы үзілген жоқ. Өкіметтің берген декреттік демалысында да үш жыл отырып көрген жоқпын. Бірақ менің есепшотымда 2 миллион теңге жоқ. Жасым қырыққа келді. Сонда ондай сумманы қандай жолмен жинаймыз?» депті. 

    Сонымен бірге жинақтан алған қаражаттан өзіңіз, жұбайыңыз және жақын туыстарыңыз қажетіңізге жаратуға рұқсат. Заңнамаға сәйкес, жақын туыстар қатарына ата-әжесі, ата-анасы, балалары, немерелері және бауырлары кіреді. Министрлік отбасын мүшелерінің қаражатын мақсатты түрде пайдалану үшін біріктіру мүмкіндігін де қарастырмақшы. Нұрымбетовтің айтуынша, барлық талапқа сәйкес келген жағдайда азаматтардың зейнетақы қорындағы жинағынан бірнеше рет қаражат алу мүмкіндігі бар. 
    
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif