Тоқаев оқушылар мен студенттерді Білім күнімен құттықтады

Пандемия оқу жылының басталуына кері әсерін тигізді

Фото: Асқар Ахметуллин

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп оқушылрын Білім күнімен құттықтады. Бұл туралы Тоқаев Twitter парақшасында жазды. 


  «Мектеп оқушылары мен студенттерді Білім күнімен құттықтаймын! Бүгін жаңа оқу жылы басталады. Сіздерге өз күш-жігерлеріңізге, талпыныстарыңызға, еңбектеріңізге сүйене отырып, болашақтағы жетістіктеріңіздің іргетасын қалау міндеті тұр. Жаңа әлемдегі ең құнды дүние саналатын білімге жол ашатын ұстаздарға табыс тілеймін» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында. 


Тоқаев, пандемия мектептер мен жоғары оқу орындарындағы оқу жылының басталуына кері әсерін тигізді. 


  «Бірақ бұл - уақытша құбылыс. Үкіметке балалар мен жастар арасында қауіпті індеттің алдын алып, санитарлық нормаларды сақтай отырып, білім берудің дәстүрлі қалпына оралу тәртібін әзірлеу тапсырылды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif