СҚО-да құс тұмауынан қырылған үй жануарлары үшін өтемақы төленеді 

Келтірілген шығын құны орташа айлық нарықтық баға негізінде төленеді

Фото: АШМ баспасөз қызметі

СҚО-да құс тұмауынан қырылған үй жануарлары үшін өтемақы төленеді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап беру кезінде хабарлады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 «ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Республикалық эпизоотияға қарсы отряды құс тумауынан өлген үй құстарының иелеріне келтірілген шығын құнын орташа айлық нарықтық баға негізінде төлейді. Бағаны Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы арнайы комиссия анықтайды», - деп хабарлады вице-министр.

Өтемақы алу үшін үй жанауарлары иелері өтініш беруі керек. Ақшалай қаражат картаға аударылады. Бұл ретте, зардап шеккен жануарлардың өлекселеріне комиссиялық акті жасалып, ресми түрде тіркелуі қажет.

 «Өлген құстың әр иесі заңмен белгіленген өтемақыны алуы үшін біз бірінші күннен бастап құстардың өлімін және өлекселерді жою актілерін тіркей бастадық», - деп толықтырды Гүлмира Исаева.

Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысының жеті ауданында ағымдағы жылдың 9-16 қыркүйек аралығында әртүрлі үй құстарының өлімі тіркелді. Қазір өңірде жоғары патогенді құс тұмауының таралуына қарсы шаралар қабылдануда: вакциналар жеткізілді, індет анықталған аумақтар залалсыздандырылды, өлген құстар жойылуда.

Сонымен қатар, бүгіннен бастап Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев, Тайынша, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев ауданынан тірі құс және инкубациялық жұмыртқа, мамық пен қауырсын, құс еті мен құс шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлерін, құстарға арналған жемшөп пен жемшөп қоспаларын, сондай-ақ бұрын пайдалануда болған құстарды күтіп-бағуға, союға және мүшелеуге арналған жабдықтарды шығарыуға уақытша шектеулер енгізілді.

ҚР АШМ ветеринариялық қадағалау және бақылау комитетінің мәліметінше, ауру Солтүстік Қазақстан облысының аумағына жабайы қоныс аударатын құстардан тараған деген болжам жасап отыр.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif